Бақылау-касса машиналарын қолдануға байланысты кейбір мәселелер туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 626 бұйрығы
(2026.19.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы министрінің м.а. 2026.01.09. № 595 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 19 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 111-бабы 2 және 5-тармақтарына, 113-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 368) және 374) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машиналарын қолдану қағидалары және бақылау-касса машинасы чегінің мазмұнына қойылатын талаптар тізбесінің қағидасы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес фискалдық деректер операторын тізбеге енгізу және тізбеден шығару қағидасы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес фискалдық деректердің әлеуетті операторына қойылатын біліктілік талаптарының қағидасы;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машинасын салық органдарында есепке қою туралы нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы нысаны;
6) осы бұйырыққа 6-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машинасын пайдалану кезінде туындайтын міндеттемелердің орындалуы нысаны;
7) осы бұйырыққа 7-қосымшаға бақылау-касса машинасының моделін мемлекеттік тізілімге енгізу туралы нысаны бекітілсін.
2. осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: